Астанада әлеуметтік осал топтарға тиесілі 170 пәтерді заңсыз рәсімдеу әрекеті әшкереленді

АСТАНА. KAZINFORM — Қаржылық мониторинг агенттігі Бас прокуратураның үйлестіруімен Сот әкімшілігінің ішкі қауіпсіздік бөлімшелерімен бірлесіп әлеуметтік осал топтарға, оның ішінде көпбалалы отбасыларға, жетім балаларға және мүгедектігі бар адамдарға арналған пәтерлерді заңсыз иемдену фактісі бойынша тергеу бастады.