Әскери ұшқыштар оқу-жаттығу ұшуларын даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлына арнады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери авиациялық базаларында қазақ халқының ұлы перзенті, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай ауқымды оқу-жаттығу өтті. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлім етті.