Астанада мектеп пен кітапханаларда интернетсіз жұмыс істейтін цифрлық оқу станциялар жұмыс істейді

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада «Алматыкітап» баспасы қайырымдылық жобасы аясында мектептер мен кітапханаларға арналған интернетсіз жұмыс істейтін заманауи цифрлық ресурстармен және жасанды интеллект құралдарымен жабдықталған TopIQ-MobilBox электрондық оқу станцияларын табыстады. Бұл туралы елорда әкімдігі мәлім етті.