Жасанды интеллект және атом энергетикасы мамандары «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алады
АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.