Қызмет барысында қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанға арналған ескерткіш тақта орнатылды

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы ғимаратының қабырғасына қызметтік міндетін орындау барысында қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанға арналған ескерткіш тақта орнатылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты жазды.