Келесі жылы ЖОО-ларда білім алу құны көтеріле ме

АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылдың 1 қаңтарынан елімізде жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Осыған орай жоғары оқу орындарда ақылы білім алу құны арта ма? Бүгін Сенатта БАҚ өкілдерінің осы сауалына Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова жауап берді.