«Қуатты серіктес»: Қазақстан мен Жапонияның сенімді диалогі жаңа мазмұнмен толығып келеді
АСТАНА. KAZINFORM – Президент Телерадиокешенінің Деректі кино орталығы көрермен назарына «Қуатты серіктес» деректі фильмін ұсынбақ. Онда мемлекет тағдырындағы дипломатия рөлі мен Мемлекет басшысының Жапонияға жасаған ресми сапары терең талданады.