Үкімет пен бизнес кәсіпкерлікті дамытудың жаңа мәселелерін талқылады

АСТАНА. KAZINFORM – Серік Жұманғарин «Аманат» партиясы жанындағы Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің алғашқы отырысына қатысты. Диалог алаңына мемлекеттік орган, бизнес-қоғамдастық пен салалық бірлестік өкілдері кәсіпкерлікті дамытудың негізгі мәселелерін талқылау үшін бірікті. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.