Сенат жаңа Цифрлық кодексті мақұлдап, ілеспе құжатты Мәжіліске қайтарды

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі екі оқылымда қаралып, мақұлданды. Ал оған іліспе заңның жекелеген баптарын жаңа редакцияда ұсынып, оны Мәжіліске қайтарды.