Олжас Бектенов алдағы мерекеде ішкі істер органдарына қоғамдық тәртіпті қорғауды тапсырды

АСТАНА. KAZINFORM — Премьер-министр Олжас Бектенов құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысын өткізді. Жиында мереке күндеріндегі қауіпсіздік шаралары, жаңартылған тиісті заңнама нормаларын енгізу, сондай-ақ 2026 жылға арналған жоспар және Президенттің «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы шеңберінде атқарылған жұмыстардың нәтижелері қаралды. Бұл туралы Үкімет мәлім етті.