Бюджеттен қолдау алатын компаниялардың рейтингін анықтайтын ұлттық агенттік құрылады

АСТАНА. KAZINFORM — Мәжілісте рейтингтік қызмет туралы заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер таныстырылды. Бұл құжат Қазақстанның қаржы нарығында ірі халықаралық рейтинг агенттіктерімен бірге ұлттық және шетелдік рейтинг агенттіктерінің жұмыс істеуіне жол ашпақ.