АСТАНА. KAZINFORM — Үкіметте өткен жиын барысында тұрмыстық зорлық-зомбылық, балаларды қараусыз қалдыру және рецидивтік қылмысқа қарсы күрес жөніндегі нормаларды біріктіретін Парламент қабылдаған «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» жаңа бірыңғай заңды жүзеге асыруға назар аударылды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.