ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Түркістанда тоқыма өнеркәсібінің жаңа дәуірі басталды. Түркістан қаласындағы «Turan» арнайы экономикалық аймағында толық циклді тоқыма бұйымдарын өндіру бойынша мақта агроөнеркәсіптік кешені пайдалануға берілді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.