Қытай жеке чатта да «әдепсіз» хат жазысуға тыйым салды

АСТАНА. KAZINFORM – Қытайда 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қытай Халық Республикасының қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жазалау туралы заңының» жаңа нұсқасы күшіне енеді. Құжат әдепсіз ақпарат таратқаны үшін жазаны айтарлықтай күшейтуді қарастырып отыр, деп хабарлайды жергілікті БАҚ .