Ақтау маңында апатқа ұшыраған әзербайжандық ұшаққа қатысты аралық хабарлама жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM - «Azerbaijan Airlines» әуе компаниясының Embraer 190 4K-AZ65 әуе кемесімен болған авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру барысы туралы аралық хабарламасы жарияланды, деп хабарлайды Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаментінің баспасөз қызметі.