АҚТАУ. KAZINFORM - 2026 жылы «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы аумағында жалпы құны 64 млрд теңге болатын 14 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Аталған жобалар нәтижесінде 1629 жаңа жұмыс орны құрылмақ. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде «Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ басқарма төрағасы Мүбәрак Төлегенов мәлімдеді.