Біртұтас QR мен стейблкоин: 2025 жылы Қазақстанның қаржы жүйесі қалай өзгерді

АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жыл Қазақстанның қаржы жүйесі үшін оңай болған жоқ. Мемлекеттік шығыстар мен инфляцияның өсуі экономикалық тұрақтылыққа қысым түсірсе, цифрлық реформалардың бір мезгілде іске қосылуы қаржы нарығына қосымша жүктеме берді. Банктер мен реттеуші органдар сақтықты басты ұстанымға айналдырды. Жыл несімен есте қалды және алдағы кезеңде қандай шешімдер елдің экономикалық бағытын айқындайды? Осы сұрақтарға Kazinform тілшісі толық шолу жасап, жылдың басты оқиғаларын саралады.