АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы Былқылдақты елді мекенінде ауыз су жеткізуге арналған жоба өз нәтижесін бермеді. Облыстық бюджеттен 209 млн теңге бөлініп, 2023 жылы 10 шақырым су құбыры тартылғанымен, тұрғындар судың ащы болуына байланысты оны пайдаланбай отыр.