АСТАНА. KAZINFORM – Биыл 17 желтоқсанда Мемлекет басшысының жарлығымен Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті құрылды. Инвесторлардың құқықтарын қорғау деңгейін арттыру мақсатында инвестициялық омбудсмен функциялары Бас прокурорға жүктелді. Өңірлерде инвестициялық прокурорлар жұмысын бастайды.