Алматыда жүрек трансплантациясын жасатқан алғашқы адам үйіне шығарылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қалалық жүрек орталығынан 34 жастағы науқас шығарылды. Ол қараша айында ҚКО базасында алғаш рет жүрек трансплантациясын жасатты. Науқастың жағдайы тұрақты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрілігінің баспасөз қызметі хабарлады.