Астанада эмбриондағы патологияны анықтайтын технология қолданысқа енді

АСТАНА. KAZINFORM – Елордадағы репродуктивті медицина клиникасында эмбриондағы генетикалық ауытқуларды ерте кезеңде анықтайтын PGT-A (Next Generation Sequencing) технологиясы қолданысқа енгізілді. Бұл әдіс болашақ баланың денсаулығын жүктілікке дейін бағалап, тұқым қуалайтын және хромосомалық патологиялардың алдын алуға мүмкіндік береді.