Әскерде бой кедергі емес: Абай гарнизонында бойы 2 метр сарбаз борышын өтеп жүр

АСТАНА. KAZINFORM — Абай гарнизонында еліміздегі ең бойы ұзын сарбаздардың бірі, қатардағы жауынгер Илья Хальчуков мерзімді әскери қызметін өтеп жүр. Оның өмір жолы мінез, тәртіп және Отанға қызмет етуге деген ниет болса, бойдың стандарттан артық болуы әскерге кедергі емес екенін айқын көрсетеді.