«Бәйтерек» алаңынан алғашқы зымыран 2026 жылдың 1-тоқсанында ұшырылады

АСТАНА. KAZINFORM – Байқоңырдағы «Бәйтерек» алаңынан алғашқы зымыран 2026 жылдың 1-тоқсанында ұшырылады. Бұл туралы бүгін жыл қорытындысына орай БАҚ өкілдерімен кездескен Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев айтты.