АСТАНА. KAZINFORM — Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қытайға жұмыс сапары барысында Ханчжоу қаласында Чжэцзян провинциясы партия комитетінің хатшысы Ван Хао мырзамен, сондай-ақ Қытайдың жетекші өнеркәсіптік компанияларының басшыларымен кездесулер өткізді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.