Қазақстаның ІТ-экспорты 700 млн долларға жетті

АСТАНА. KAZINFORM – Биыл еліміздің ІТ-экспортының көлемі 700 млн долларды құрады. Бұл туралы бүгін жыл қорытындысына орай БАҚ өкілдерімен кездескен Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев айтты.