ШҚО мен Абай облысындағы 6 жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды

АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылғы 26 желтоқсан сағат 18:00–дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 облыстағы 6 республикалық маңызы бар автомобиль жолында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» мекемесі.