АСТАНА. KAZINFORM — Соңғы жылдардағы ресми деректерге сүйенсек, Қазақстанда әрбір алтыншы отбасы бала сүюде қиындыққа тап болып отыр. Жыл сайын 20 мыңға жуық адамға бедеулік диагнозы қойылады. Бұл — тек тіркелген жағдайлар. Мамандар есепке алынбай жүргендердің саны бұдан да көп болуы мүмкін екенін айтады.