Шымкентте мектептің апатты спортзалы бұзыла ма, жөнделе ме

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – Қайнарбұлақ тұрғын алабында орналасқан мектеп спортзалының болашағы қайта жүргізілетін мемлекеттік сараптама нәтижесінде анықталады. Тексеру нәтижесіне қарай ғимаратты қалпына келтіру немесе жаңа нысан салу туралы шешім қабылданады.