Израиль Газа секторындағы су құдықтарының 90%-ін қиратты

АСТАНА. KAZINFORM — Газа секторының солтүстігіндегі муниципалитеттер одағы Израильдің аймақтағы екі жылдық шабуылынан кейін су құдықтарының 90%-ы, су және кәріз желілерінің 80%-ы қирағанын айтып, аймақта ауыр экологиялық апат болатынын ескертті. Бұл туралы Анадолы агенттігі жазды.