Ауа райына байланысты тағы екі облыста көлік қозғалысы тоқтатылды
АСТАНА. KAZINFORM — 29 желтоқсан күні сағат 02.30-да күн райының қолайсыздығына байланысты тиісті органдар 2 облыста республикалық маңызы бар жолдардағы көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізді. Бұл туралы ҚазАвтоЖол компаниясы хабарлады.