АСТАНА. KAZINFORM — Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов инфляция деңгейі мен әлеуметтік төлемдерді индекстеу арақатынасына түсініктеме берді. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысынан кейін тілшілер елдегі инфляцияның 12 пайыздан асқанын, ал базалық зейнетақы, сондай-ақ жәрдемақылар 10 пайызға ғана индекстелгенін атап өтті.