Димаш 2025 жылғы ÓČKO CHART чех хит-парадының жеңімпазы атанды

АСТАНА. KAZINFORM – 2024 жылы Димаш Құдайберген Чехияда өткен ÓČKO CHART музыкалық сыйлығының салтанатты марапаттау рәсіміне қатысып, 2023 және 2024 жылдардың қорытындысы бойынша Together және When I’ve Got You композицияларымен жеңіске жетті. Осы кезеңнен бастап Димаш хит-парадтың ең танымал әрі беделді қатысушыларының бірі ретінде оның музыкалық туындылары чехиялық Óčko музыкалық телеарнасында тұрақты түрде көрсетіліп келеді. Бұл туралы dimashnews.com жазды.