31 желтоқсанда астаналықтарды қандай мерекелік шаралар күтіп тұр

АСТАНА. KAZINFORM — 31 желтоқсан күні түстен кейін Астананың алты ауданының он жерінде қазақстандық эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік жаңа жылдық концерттер өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.