Жапония Қазақстанға денсаулық сақтауды дамытуға 7 млн доллардан астам гранттық қолдау көрсетеді

АСТАНА. KAZINFORM – Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен Жапонияның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Иидзима Ясусама Абай облысында медициналық инфрақұрылымды дамытуға 1,087 млрд иен (7 млн АҚШ доллары) мөлшерінде жапон грантын беру туралы үкіметаралық келісімді іс жүзінде іске асыру мақсатында құжатқа қол қойды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.