АСТАНА. KAZINFORM – Гуанчжоу радио және теледидары Қазақстан аумағында «Make Friends in the Silk Road» халықаралық жобасының түсірілімін қолға алды. Бағдарлама Қазақстан мен Қытай арасындағы туристік және мәдени байланыстарды дамытуға арналған және деректі тревел-шоу форматында ұсынылады.