АСТАНА. KAZINFORM – Армения мен Түркия дипломатиялық, қызметтік және арнайы паспорт иелері үшін визалық режимді жеңілдету туралы келісімге келді. Тиісті шешім екі ел арасындағы қарым-қатынасты қалыпқа келтіру процесі аясында тағайындалған арнайы өкілдердің келіссөздері барысында қабылданған, деп хабарлайды Panarmenian.net .