TikTok пен Instagram енді психикалық денсаулыққа тигізетін зиян туралы ескертеді

АСТАНА. KAZINFORM — Нью-Йорк билігі TikTok пен Instagram-ды қоса алғанда, ірі әлеуметтік желілерге жаңа талаптар енгізді. Қол қойылған заңға сәйкес, платформалар пайдаланушыларды, әсіресе жастарды, әлеуметтік желілердің психикалық денсаулыққа тигізуі мүмкін зияны туралы алдын ала ескертуі тиіс. Бұл туралы Dexerto басылымы хабарлады, деп жазды 24 kg.