Заңсыз шығарылған активтерді қайтарудағы негізгі нәтиже қандай

АСТАНА. KAZINFORM – Заңсыз шетел асқан активтерді қайтару – біраздан бері айтылып жүрген өзекті мәселе. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы 21 қаңтарда бизнес өкілдерімен кездесу кезінде капиталды елге қайтару және оффшорға қаржы шығаруға тосқауыл қоюға қатысты нақты тапсырма берді . Сонымен қатар Президент ұлттық байлықтың тең жартысы 162 адамның қолына жинақталғанын да жария еткен еді. Содан бері активтерді қайтару бағытында ауқымды шешімдер қабылданды.