Биыл Президент қанша нормативтік-құқықтық актіге қол қойғаны белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 95 Заңға, 388 Жарлыққа, 80 Өкімге қол қойды. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі — Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің Telegram парақшасында жазды.