Қазақстанда зейнетақы жинақтарын мұрагерлерге төлеу тәртібі өзгерді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда зейнетақы жинақтарын мұрагерлерге төлеу және азаматтықтан айырылған жағдайда мақсатты жинақтарды есепке алу тәртібі өзгерді. Үкімет 23 желтоқсанда тиісті қаулы қабылдап, мақсатты талаптарды қалыптастыру мен төлеу қағидаларына бірқатар түзету енгізді.