Астана әуежайында қолайсыз ауа райына байланысты рейстер кешігіп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Қазір әуежайда күрделі метеорологиялық жағдай қалыптасты — мұзды жаңбыр жауып тұр. Осыған байланысты ұшып келуі тиіс 11 рейс, ұшуы тиіс 4 рейс кешіктіріліп, 1 рейс тоқтатылған.