Қарағанды мен Теміртау арасындағы жолда 500 автокөлік кептелісте тұрып қалды

ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM — Қарағанды облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты негізгі тасжолдарда қозғалыс уақытша шектелді. Полиция қызметкерлері жүргізушілерге нұсқаулық өткізіп, қалалар арасындағы автоколонналардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етіп жатыр.