Болашақ бір палаталы Парламенттің заң шығару қызметі талқыланды

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының үшінші отырысы өтті. Отырыста e-Otinish және eGov платформаларындағы «Парламенттік реформа» арнайы бөліміне 400-ден астам ұсыныс келіп түскені айтылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.