Рейс кешіккен жағдайда жолаушыларға қандай қызметтер ұсынылады

АСТАНА. KAZINFORM — Air Astana рейс кешігулері мен жолаушылар құқықтары бойынша ақпарат ұсынды. Айтуларынша, рейс кешігіп қалса, жолаушылар сусын, тамақпен қамтылады. Сондай-ақ кей жағдайда қонақүйге орналастырылады.