Ешқандай көзбояушылық болмасын — Премьер-Министр қысқы Олимпиадаға дайындық туралы
АСТАНА. KAZINFORM — Үкіметте Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына отандық спортшылардың дайындығы пысықталды. Премьер-Министр Олжас Бектенов бұл ойындар еліміздің халықаралық имиджін нығайту ісінде өте маңызды рөл атқаратынын атап өтті.