ЖИ-дің әлем экономикасына қосатын үлесі 10 триллион доллардан асуы ықтимал - Президент

АСТАНА. KAZINFORM - Сарапшылардың бағалауынша, соңғы жылдары жасанды интеллектіні дамытуға құйылған жаһандық инвестиция көлемі 1 триллион доллардан асты. Ал ЖИ-дің әлем экономикасына қосатын үлесі алдағы онжылдықта 10 триллион доллардан асуы ықтимал.