187 мың адам қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш берді

АСТАНА. KAZINFORM – 2026 жылғы қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау аяқталды. 187 мыңға жуық адам тестілеуден өтуге ниет білдірді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мыңға көп. ҰБТ 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметі хабарлады.