Бір жыл ішінде елімізде 150 жаңа ерікті өрт сөндіру пункті ашылды

АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылы Төтенше жағдайлар министрлігі министр генерал-лейтенант Шыңғыс Әріновтің бастамасымен ауылдық жерлерде азаматтық қорғау жүйесін дамытуға және нығайтуға бағытталған «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасын іске асырып жатыр. Бағдарлама Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің басым бағыттарының біріне айналып, шалғай ауылдық елді мекендердегі қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған.