Қазақ даласының тірегі: жылқы мен халық байланысы

АСТАНА. KAZINFORM — Алдағы Жылқы жылы көшпелі өркениеттің тамырына үңілуге және жылқының қазақ этносының қалыптасуындағы орнын қайта бағамдауға мүмкіндік береді. Ұлы дала халықтары үшін жылқы тек көлік не азық көзі ғана емес, ол өмір салтын, шаруашылықты, дәстүр мен дүниетанымды айқындаған негізгі тірек болды. Бүгінде жылқының маңызы қандай екені Kazinform агенттігінің тілшісі әзірлеген материалда.