Қоқыс – жасырын қауіп: Қалдық мәселесін қалай шешеміз?

АСТАНА. KAZINFORM – Жыл сайын елімізде 4,5–4,8 миллион тонна тұрмыстық қалдық жиналады, бірақ олардың басым бөлігі полигондарға төгіліп, табиғатқа зиян келтіреді. Ресми деректерге сенсек, қалдықтардың тек төрттен бірі ғана қайта өңделеді. Алайда іс жүзінде қалдық полигондарының көбісі ескірген, ал ауылдық жерлердегі жағдай тіпті күрделі. Kazinform агенттігінің аналитикалық шолушысы саладағы проблемаларды, мемлекеттік бастамаларды және сарапшылар пікірі арқылы қалдықты басқарудың нақты ахуалын жан-жақты зерттеді.